banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

13.12.2019 ж.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс

 

2019 жылы 13 желтоқсан күні «ҚР МШКҰ ҰО» РМК «Казмеханобр» МӨЭҒӨБ филиалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс өтті.

Қазақстан Республикасының айрықша ұлттық мерекесі – Ұлттың Ұлы күнімен ұжымды ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, директор Серікбол Тілеулесұлы Шалғымбаев құттықтап, Қазмеханобрдің келесі қызметкерлерін марапаттады:

-            Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің II дәрежелі «Еңбек даңқы» омырауға тағатын белгісімен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Асыл металдар зертханасының меңгерушісі Л.С. Болотованы;

-     Қазмеханобр басшылығының атынан Құрмет грамотасымен Асыл металдар зертханасының ғылыми қызметкері М.Д. Ақжаркеновты, Минералды шикізатты байыту және жартылай өндірістік сынақ бөлімінің ғылыми қызметкері Б.Х.Янгитилавованы және Алғыс хаттарымен Г.П. Штреккер атындағы Химия-аналитикалық зертханасының аға ғылыми қызметкері Г.Н.Жунусованы, Шаруашылық бөлімінің механик-жұргізушісі П.Т.Исраиловты, Ішкі қауіпсіздік қызметінің аға күзетшісі Е.Т.Ауғанбаевты, Шаруашылық бөлімінің жинаушысы А.С.Сейтпақованы.

Салтанатты жиналыста мемлекетіміздің тәуелсіздігің тарихы туралы видеоролик көрсетіліп, барлық қызметкерлердің қолдауымен Олжас Абайұлының орындауында Қазақстан Республикасының Әнұраны және басқа да Қазақстан Республикасына арналған патриоттық әндер орындалды.

Салтанатты жиналыстың кейбір сәттері төмендегі фотосуреттерде ұсынылған.

 

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
  
                   

 

  

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу