banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

05.06.2020 ж.

Галина МихайловнаПалийчуктың 70-жасқа толу мерейтойы!

 

2020 ж. 05 маусымда асыл металдар зертханасының бас маманы Галина Михайловна Палийчук 70 жасқа толды.

Г.М. Палийчук 1973 жылы «Тау инженері-байытушы» мамандығы бойынша Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Рудный филиалын бітірді.

1975 жылдың 1 қыркүйегінен қазірге дейін «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі Ұлттық Орталығы» РМК филиалы «Қазмеханобр» Мемлекеттік–өнеркәсіптік экология жөніндегі ғылыми-өндірістік бірлестігінің асыл металдар зертханасында еңбек етеді.

«Қазмеханобрде» еңбек ету барысында алтынды кендерге зерттеулер өткізудің барлық әдістерін меңгерді. Зертханада өткізілетін зерттеулердің барлық технологиялық үдерістерін игерді.

Галина Михайловна кешенді полиметалды кендердің және алтынды кендерді флотациялық байыту облысында біліктілігі жоғары маман болып есептеледі. Ол Майқайың кенішінің күрделі полиметалды кендерін флотациялық байыту технологиялық сұлбасының белсенді әзірлеушісі.

Кейінгі жылдарда ол Бақыршық, Васильевское, Жерек кеніштерінің мықты алтынкүшәнді кендерінің технологиясын әзірлеуге үлкен үлес қосты.

Г.М. Палийчук кендерді флотациялық байытуға өткізілетін зерттеулер бойынша өзінің жылдар бойы алған мол тәжірибесімен жас мамандармен жомарттықпен бөлісуде.

Адал ниетті еңбегі үшін сан мәрте грамоталар және алғыстар алды.

Өз жұмысына тиянақты және үлкен жауапкершілікпен қарап, білімін дамытып отырады. 

70-жасқа толу мерейтойына орай және көп жылғы жемісті еңбегі үшін Галина Михайловна Палийчук Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Мерейтойыңызбен, Галина Михайловна!

 

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)    
                   

 

  

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу