banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

10.06.2020 ж.

Игорь Серафимович Ремизовтың 85- жасқа толу мерейтойы!

 

2020 ж. 10 маусымда сантехникалық бөлімінің бастығы Игорь Серафимович Ремизов 85 жасқа толды.

И.С. Ремизов 1959 жылы С.М. Киров атындағы Орал политехникалық институтын «Сумен қамту және канализация» мамандығы бойынша бітірген соң өз еңбек жолын Свердлов облысы Нижний-Тагил қаласы «Уралспецстрой» тресінің №1 құрылыс басқармасының мастері болып бастады.

1962-1971 жж. «Казгипроцветмет» институты, «Строймеханизация» тресінде «Водоканалстрой» институтында жұмыс істеп, 1971 жылдан қазірге дейін топ жетекшісінен бастап сантехникалық бөлімінің бастығы болып Республикалық Мемлекеттік кәсіпорын «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі Ұлттық Орталығы» филиалы «Қазмеханобр» Мемлекеттік–өнеркәсіптік экология жөніндегі ғылыми -өндірістік бірлестігінде еңбек етуде.

Игорь Серафимович өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалау облысында жоғары деңгейдегі маман.

Оның жетекшілігімен және тікелей қатысуымен көптеген жобалар мен өндірістік объектілер әзірленіп Қазақстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы аумағында табысты пайдаланылуда: Байыту фабрикалары (Балқаш, Жәйрем, Кентау, Сарылақ), Қызылорда облысындағы Күкірт-қышқыл зауыты, «Тау-Кен Алтын» Аффинажды зауыты, «ФИК «Алел» АҚ Суздаль учаскесіндегі HiTeCC технологиясы бойынша өндірістік цехы және тб.

Тау кен – металлургиялық кешенінің дамуына қосқан айтарлықтай үлесі үшін ол: Қазақстан Республикасының даму және инвестициялар бойынша Министрлігінің III дәрежедегі «Еңбек даңқы» төс белгісімен және «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі Ұлттық Орталығы» РМК Құрмет грамоталарымен марапатталды.

85-жасқа толу мерейтойына орай және көп жылғы жемісті еңбегі үшін И.С. Ремизов Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Мерейтойыңызбен, Игорь Серафимович! 

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)    
                   

 

  

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу