banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

11.08.2020 ж.

Раиса Александровна Кашинаның 70-жасқа толу мерейтойы!

2020 жылдың 11 тамызында Г.П. Штреккер атындағы химиялық-аналитикалық зертханасының 1-ші санатты технигі Раиса Александровна Кашина70 жасқа толды.
Раиса Александровна Қостанай облысы, Семиозерный ауданы, Новонежинка ауылында дүниеге келді.
1967 жылы ол орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы каласына көшіп келді және өзінің еңбек жолын Алматы ұй-құрылыс комбинатының лаборанты болып бастапонда 7 жыл еңбек етті.  
1974-1975 жж. Алматыкілем фабрикасында тоқымашы болып еңбек еткен.
1975 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚР МШКҰ ҰО» РМК Филиалы «Қазмеханобр» Мемлекеттік–өнеркәсіптік экология жөніндегі ғылыми-өндірістік бірлестігінің Г.П. Штреккер атындағы химия-аналитикалық  зертханасында жұмыс істейді.
Р.А. Кашина осы уақыт ішінде өзін жауапты, адал ниетті, еңбекқор қызметкер ретінде көрсетті. Ол өз міндеттерін орындау кезінде жеке бастама көрсетеді, ұжымда үлкен абырой иесі.
Адал еңбегі үшін бірнеше мәрте мадақтамалар мен алғыс хаттар берілген.
Раиса Александровна 70-жасқа толу мерейтойына орай және көп жылғы табысты еңбегі үшін Қазмеханобр басшылығымен Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықақымен марапатталды.

   

Мерейтойыңыз құтты болсын, Раиса Александровна!

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)    
                   

 

  

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу