banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

19.09.2020 ж.

Қанабек Мүсілімұлы Тохсеитовтың 70-жасқа толу мерейтойы!

 

2020 жылы 19 қыркүйекте гидротехникалық құрылғылар бөлімінің бастығы Қанабек Мүсілімұлы Тохсеитов 70 жасқа толды.

Тохсеитов Қ.М. Қызылорда қаласында дүниеге келді. 1973 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша тамамдағаннан кейін еңбек жолын «Союзгипрорис» институтының Қызылорда бөлімінде инженер болып бастады.

1982–2004 жж. Қанабек Мүсілімұлы Шымкент «Казюжгипроводхоз» институтының кешенді жобалау-ізденіс бөлімінде, СП Шымкент ирригация, «Жихаз» АҚ, «Жер Ана» ЖШС, «Фирма Агрополив» ЖШС, «Жоба  дизайн»  ЖШС еңбек етті.

2005 жылдан қазірге дейін «ҚР МШКҰ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр» Мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігінде бас маманнан бөлім бастығына дейінгі еңбек жолын жалғастыруда.

Қанабек Мүсілімұлы қалдықтар қоймасын және гидротехникалық құрылғыларды жобалау облысында біліктілігі жоғары маман.

Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен Қазақстан және Қырғыз Республикаларының аумағында өндірістік құрылыстар объектілерінің авторлық бақылаулары орындалып жобалар әзірленді: Балқаш ЖЭС құрылыстық-өнеркәсіптік қалдықтарын көму полигоны, Ақ-Тұз байыту фабрикасының қалдықтар қоймасының бөгеттері, «Макмалзолото» Комбинаты «Қырғызалтын» филиалының қалдықтар шаруашылығы және т.б.

Қазақстан Республикасының тау кен - металлургиялық кешенінің дамуына айтарлықтай үлес қосқаны үшін Тохсеитов Қ.М. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің IIIдәрежелі «Еңбек даңқы» омырауға тағатын белгісімен марапатталды.

70–жасқа толу мерейтойына орай және көп жылғы жемісті еңбегі үшін Қанабек Мүсілімұлын Қазмеханобрдің басшылығы Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықақымен марапаттады.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)    
                   

 

  

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу