banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

25.09.2020 ж.

Гүлжан Базылрахманқызы Нығметжанованың 50-жасқа толу мерейтойы!

 

2020 ж. 25 қыркүйек күні Г.П. Штреккер атындағы химия-аналитикалық зертханасының аға ғылыми қызметкері Гүлжан Базылрахманқызы Нығметжанова 50 жасқа толды.

Гүлжан Базылрахманқызы ШҚО Самара ауданының Көк-жыра ауылында дүниеге келді. 1988 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің физика факультетіне  түсті.

Оның еңбек жолы 1993 жылы 20 тамызда «Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты» ААҚ Орталық аналитикалық зертханасында лаборант болып қызмет атқарудан басталды, содан соң ол спектральдық зертханаға инженер-спектроскопист болып ауыстырылды. Ал 1997 ж. желтоқсанынан осы зертхананың меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1999 жылдан 2003 ж. дейін «Казцинк» АҚ Радиация қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымын атқарды.

2004 жылы Алматы қаласына қоныс аударды. Поляк мұнай-газ компаниясының «Геофизика Торунь» ЖШҚ Филиалында еңбекті қорғау және радиация қауіпсіздігі бойынша бас маман болып жұмыс істеді. 2008-2010 жж.  аралығында «Институт ионосферы» Еншілес ЖШС жоғарғы санатты инженер болып істеді. 2010-2016 жж. академик Ө.М. Сұлтанғазин атындағы Ғарышты зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болды. Онға жуық  ғылыми мақалалардың жариялануына қатысты. Афин және Грек мемлекеттік университеттерінде Халықаралық оқудан, Днепропетровск пен Украинада сынақ мерзімінен өтті.

2019 ж. 10 шілдесінен қазірге дейін «ҚР МШКҰ ҰО» РМК Филиалы «Қазмеханобр» Мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігінде Г.П. Штреккер атындағы химия-аналитикалық зертханасының аға  ғылыми қызметкері болып жұмыс атқарады.
Гүлжан Базылрахманқызы өз ісінің кәсіпқой маманы. Ол өзін берілген тапсырманы мерзімінде, сапалы орындап қиын сәттерде өз бетінше шешім қабылдай алатын ынталы, жауапты және сенімді маман ретінде көрсетті.  Әріптестерімен тілектестік қарым-қатынаста, бауырмал.
50 жасқа толу мерейтойына орай және жемісті еңбегі үшін Гүлжан Базылрахманқызын Қазмеханобрдің басшылығы Құрмет грамотасы және ақшалай сыйлықақымен марапаттады.

 

Мерейтойңызбен, Гүлжан Базылрахманқызы!

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)    
                   

 

  

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу