banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

05.01.2021 ж.

«Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ Ғылыми-техникалық кеңесінің салтанатты кеңейтілген отырысы

 

2021 жылдың 5 қаңтарында «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» РМК филиалы «Қазмеханобр» Мемлекеттік–өнеркәсіптік экология жөніндегі ғылыми- өндірістік бірлестігінде академик Е.А. Букетов атындағы сыйлықтың лауреаты, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарының м.а. – минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар  бөлімінің бастығы ЭРА МЕНГУКОВНА ЛИДІҢ 75 жасқа толу мерейтойы және Қазмеханобрдегі еңбек қызметіне 50 жыл толуына арналған «Байытушы – оның кәсібі» деп аталатын ҒТК салтанатты кеңейтілген отырысы  өткізілді. 

Салтанатты жиынды құттықтау сөзбен Қазмеханобрдің директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҰҒА Құрметті академигі, х.ғ.к., доцент С.Т. Шалғымбаев ашты.

Сервистік қызмет көрсету және ақпараттық технологиялар бөлімі дайындаған Э.М. Лидің өмірі және еңбек жолы туралы 2 видеоролик қөрсетілді.

 

Салтанатты жиында, Қазмеханобрдің ҒТК мүшелерінен басқа «Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» РМК басшылары қатысып құттықтау сөздер  айтылды:

Жәрменов Ә.А., бас директор, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты ,

Терлікбаева А.Ж., бас директордың бірінші орынбасары, т.ғ.д., академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ,

Ефремова С.В., бас ғылыми хатшы, т.ғ.д., профессор

  

сонымен қатар шақырылған өкіл қонақтар  – Эра Менгуковнаның әріптестері, достары, туыстары:  

- Аймурадов С.У. – «Rich Land Int» ЖШС директордың орынбасары,
- Керембекова Б.Ж. – ТОО INTERTECH Corporation» ЖШС технологы, т.ғ.к.,
- Ұлтарақова Д.Д. – «АК Алтыналмас» АҚ сапаны бақылау бойынша техникалықжетекшісі, т.ғ.к.,
- Колмогорова Л.А.«ҚР МШКҰ ҰО» РМК аға ғылыми қызметкері,
- Цой Ажәне Цой Б.жақын туыстары,
- Шин О.В.ұлы,
- Шин А.О.немересі.

«Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» РМК бас директоры Әбрірәсіл Алдашұлы Жәрменов 75 жасқа толу мерейтойына байланысты және көп жылғы жемісті  еңбегі үшін Эра Менгуковнаны ҚР ИИДМ Индустриалды даму комитеті мен Ұлттық орталықтың Құрмет грамоталарымен марапаттап және Э.М. Лидің кандидатурасын мемлекеттік марапат алуға Қазақстан Республикасының  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсынынғанын хабарлады.

 

Сонымен қатар Қазмеханобрдың ұжымы және ардагерлері құттықтады :

- Ремизов И.С. – сантехникалық бөлімінің бастығы,
- Болотова Л.С. асыл металдар зертханасының меңгерушісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты х.ғ.к.,
- Игнатов С.А.энергетика жәнепайдалану бөлімінің бастығы,
- Алиев В.О.сервистік қызмет көрсету және ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы,
- Сүрімбаев Б.Н. – Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, PhD докторы,
- және Минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің қызметкерлері.

Эра Менгуковнаға кәсіпорындардан келіп түскен құттықтау хаттармен естелік сыйлықтар табысталды:

                                                                                                                                    «Улба металлургиялық зауыты»  АҚ, Өскемен қ.,
      «Әсем Тас-Н» ЖШС, Алматы қ.,
      «ТНК «Казхром» АҚ, Ақтөбе қ.,
      «Корпорация Қазақмыс» ЖШС,  Қарағанды қ.,
    «Nova Цинк» ЖШС, Қарағанды облысының Шет ауданы,
   

***

Сонымен қатар, салтанатты шарада Әбдірәсіл Алдашұлы Қазмеханобр қызметкерлері – 2020 жылғы мерейтой иелеріне Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің марапаттарын табыс етті:

85 жылдық мерейтойына орай сантехникалық бөлімінің бастығы И.С. Ремизовке «Еңбек ардагері» медалі,

70 жасқа толуына байланысты асыл металдар зертханасының бас маманы Палийчук Г.М. III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі, гидротехникалық құрылғылар бөлімінің бастығы К.М. Тоқсеитов және Г.П. Штреккер атындағы химия-аналитикалық зертханасының 1 санатты технигі Р.А. Кашинаға Құрмет грамоталары. 

               


***

BrokenFloweryAmericangoldfinch small Биография  Ли Э.М.  (Рус)

***

Мерейтойлық іс-шараның кейбір сәттері фотосуреттерде ұсынылған.   

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу