banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

07.01.2021 ж.

Патима Тұрмағанбетқызы Бегалиеваның 60-жылдық мерейтойы!

2021 жылдың 07 қаңтарында жалпы бөлімінің бастығы Патима Тұрмағанбетқызы Бегалиева 60 жасқа толды.

Патима Тұрмағанбетқызы 1992 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Металловедение, оборудование и технология термической обработки материалов» мамандағы бойынша бітірді.

«Қазмеханобр» Мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігінде еңбек жолын 1998 жылдың 05 қаңтарында қауіпсіздік техникасының инженері болып бастады, 2014 жылдың 05 тамызынан жалпы  бөлімінің бастығы болып істейді.

Өз қызметі шегінде қауіпсіздік техникасына байланысты барлық жұмыстарды атқарады, құжаттарды дайындау және бөлім бойынша есептер құрастырумен айналысады. Бөлім қызметкерлерінің: іс қағаздарын жүргізуші,  аудармашы, медбике және АҚ, ТЖ және ӨҚ бойынша инженері жұмыстарына жетекшілік етеді. Негізгі жұмысынан басқада қоғамдық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыруға белсенді қатысады, сайлау учаскесінің хатшысы.

60-жылдық мерейтойына орай және көп жылғы жемісті еңбегі үшін Патима Тұрмағанбетқызы «ҚР МШКҰ ҰО» РМК Құрмет грамотасы және ақшалай сыйлықақымен марапатталды.

Мерейтойңызбен, Патима Тұрмағанбетқызы!

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу