banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

03.05.2021 ж.

8 Наурыз - Халықаралық   әйелдер күні

2021 ж. 5 наурызда «ҚР МШКҰҰО» РМК филиалы «Казмеханобр» МӨЭҒӨБ директоры Серікбол Тілеулесұлы Шалғымбаев бастаған ер-азаматтары дәстүр бойынша салтанатты түрде ұжым ханымдарын көктемнің  алғашқы ең әдемі мерекесі 8-ші Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

 

«Жылдың барлық мезгілінде сұлу жандар!» атты іс-шараны әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, директор С.Т.Шалғымбаев ашып шын жүректен құттықтау сөз айтты:

"Қымбатты біздің Казмеханобрдың нәзік жандары!

Сіздерді келе жатқан көктемнің тамаша мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен Казмеханобрдың осы залда отырған бүкіл ер-азаматтары шын жүректен құттықтайды!

Бұл көктемнің мерекесі әрқашанда Сіздердің қылықты күлкілеріңізбен арайланады, нұрға бөленеді. Сіздер бүкіл әлемді өздеріңіздің әдеміліктеріңізбен толықтырасыздар, нәзіктіктеріңізбен жылытасыздар, сонымен  қатар Сіздер айналаңызға жайлы жағдай мен жан жылуы атмосферасын өте керемет жасай аласыздар!

Сіздер тек қана өздеріңіздің отбасыларыңыздың, туған-туыстарыңыздың ғана қамқоршысы, аялаушысы болып қоймай, біздің ұжымның табысты жұмыс істеуіне де орасаң-зор үлес қосып жүрсіздер!

Біз Сіздерді тек қана мерекелерде ғана емес әрқашанда өте жоғары бағалаймыз, қадірлейміз және өте жақсы көреміз! Сіздерге осы жердегі барлық ер-азаматтар шексіз алғыс айтамыз!

Әрқашан дендеріңіз сау аман-есен болыңыздар, бақытты және сүйікті-сүйкімді бола беріңіздер!

          Дорогие, милые женщины Казмеханобра!

Мужская половина Казмеханобра от всего сердца поздравляет всех Вас– с наступающим прекрасным весенним праздником, Международным женским днем – 8 марта!

Этот весенний праздник озаряет нас светом ваших улыбок. Вы наполняете этот мир своей красотой, согреваете его нежностью, создавая атмосферу уюта и душевного тепла.

Вы не только заботитесь о своих семьях, родных и близких, но и вносите большой вклад в успешную работу нашего коллектива.

Мы ценим, уважаем и любим вас всегда, а не только по праздникам! И мы – мужская половина Казмеханобра сегодня единодушно говорим Вам спасибо!

Будьте здоровы, любимы и счастливы!"

 

Серікбол Тілеулесұлы 8-ші Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, Казмеханобрдің әйелдер қауымы ғылыми, өндірістік және қоғамдық қызметтердегі жеткен маңызды нәтижелері үшін ақшалай сыйлықақымен  марапатталғанын хабарлады!

Әрі қарай мерекелік жағдайда 8-ші Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, адал еңбегі үшін келесі қызметкерлерді марапаттады:

Құрмет грамотасымен:

-     Керімбаева Жанна Маратқызы, Мемлекеттік сатып алу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;

Алғыс хатпен:

-     Башева Жазира Тоқтанбекқызы, Г.П.Штреккер атындағы Химия-аналитикалық зертханасының аға ғылыми қызметкері;

-     Глухова Татьяна Владимировна, Жобалау жұмыстарын механизациялау бөлімінің 6-шы разрядты баспашысы.

 

Сонымен қатар құттықтау сөздер айтқандар:

-     Казмеханобрдің ардагері, «Еңбек ардагері» медалінің және III дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісінің кавалері Сантехникалық бөлімінің бастығы Ремизов Игорь Серафимович,

-     Ақпараттық технологиялар және сервистік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Алиев Вадим Олегович,

-      Энергетика және пайдалану бөлімінің бастығы Игнатов Сергей Анатольевич.

 

Мерекелік іс-шара әнмен, өте қызықты конкурстар, би және ойын –күлкімен жалғасты. Іс-шараға ұжымның барлық қызметкерлері белсенді қатысты, ал әйелдер қауымына жүлде  ретінде гүлдер және тәттілер тапсырылды.

Мерекелік іс-шараның қызықты сәттері төмендегі фотосуреттерде ұсынылған.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу