banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

16.07.2021 ж. (жарияланған күні 4.10.2021)

Татьяна Николаевна Ярцеваның 60 жасқа толу мерейтойы!

2021 жылдың 16 шілдеде «ҚР МШКҰ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ асыл металдар зертханасының аға лаборанты Татьяна Николаевна Ярцева 60 жасқа толды.

Еңбек жолын Т.Н. Ярцева 1983 жылы шілдеде «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ асыл металдар зертханасының зертханашысы болып бастады. 1988 жылдың 1 қазанынан бастап Қазмеханобр асыл металдар зертханасының аға зертханашысы лауазымына ауыстырылды.

АСЗ жұмыс істеу кезінде Ярцева Т.Н. алтынқұрамды кендерді зерттеу жүргізудің барлық әдістемесін игерді. Зертханада зерттеу жүргізілетін барлық технологиялық процестерге ие. Татьяна Николаевна алтынқұрамды кендер мен байыту өнімдерінен алтынды фазалық талдау және цианидті шаймалау саласындағы жоғары кәсіби маман. Оның білім деңгейі инженерге сәйкес келеді. Ол жүргізген зерттеулер Қазақстан Республикасының көптеген кен орындарының алтынқұрамды кендерін өңдеу технологияларын әзірлеу кезінде пайдаланылды.

Татьяна Николаевна жас мамандарға алтын мен цианидті шаймалаудың фазалық талдауын жүргізу бойынша өзінің бай тәжірибесін жомарттықпен береді.

Т.Н. Ярцева 60 жасқа толу мерейтойына орай және көп жылғы жемісті еңбегін ескере отырып «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі Ұлттық Орталығы»» РМК Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықақымен марапатталды.

Мерейтойыңызбен, Татьяна Николаевна!

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу