banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

15.11.2021 ж.

Калинин Сергей Ивановичтің 60 жасқа толу мерейтойы!

2021 жылдың 15 қарашасында тәжірибелік-эксперименталдық цехтың 6-разрядты токарь-расточник Сергей Иванович Калинин 60 жасқа толды.

Еңбек жолын С.И. Калинин 1984 жылдың тамыз айында «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ токарь-расточник ретінде бастады және бүгінгі күнге дейін тәжірибелік-эксперименттік цехтың 6-разрядты токарь-расточник лауазымында жұмыс істеуін жалғастыруда.

Қазмеханобрда жұмыс істеген кезінде Калинин Сергей Иванович өзін жоғары кәсіби токарь, слесарь, расточник, кең бейінді станокшы, тегістеуші ғана емес, сонымен қатар жобалардың сызбаларын оқитын және технологиялық жабдықты жөндеумен жақсы айналысатын сауатты маман ретінде көрсетті.

60 жылдық мерейтойына орай және көп жылғы жемісті еңбегін ескере отырып, С.И. Калинин «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі Ұлттық Орталығы»» РМК Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Мерейтойыңызбен, Сергей Иванович!

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу