banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

15.12.2021 ж.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс

 

2021 жылы 15 желтоқсан күні «ҚР МШКҰ ҰО» РМК филиалы «Казмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік-экология ғылыми-өндірістік бірлестігінің ұжымында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің30 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.

Қазақстан Республикасының айрықша Ұлттық мерекесі – Ұлттың Ұлы күнімен ұжымды ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, директор Серікбол Тілеулесұлы Шалғымбаев құттықтап, Қазмеханобрдің келесі қызметкерлерін марапаттады:

– «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» РМК басшылығының атынан Құрмет грамотасымен:

Г.П.Штреккер атындағы Химия-аналитикалық зерханасының меңгерушісі м.а. Ж.Қ.Оразалиеваны,

Жалпы бөлім бастығы А.М.Жолдасбаеваны,

Минералды шикізатты байыту және жартылай өндірістік сынақ бөлімінің 5 разрядты флотаторы Е.П.Ерисковскаяны;

«Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік-экология ғылыми-өндірістік бірлестігінің Құрмет грамотасымен: 

Асыл металдар зертханасының аға зертханашысы Н.И.Редьконы,

Энергетика және өндірістік–шаруашылық сұрақтар бөлімінің 5 санаттағы слесарь-сантехнигі Т.О.Өсеровты

Алғыс хаттарымен:

 Ішкі қауіпсіздік қызметінің аға күзетшісі Т.Ж.Өтелбаевты, 

Ішкі қауіпсіздік қызметінің күзетшісіА.Ә.Ақынбаевты.

 

Салтанатты жиналыста мемлекетіміздің тәуелсіздігінің тарихы туралы видеоролик көрсетіліді, сонан соң барлық қызметкерлердің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ән Ұраны орындалды.

 

Салтанатты жиналыстың кейбір сәттері төмендегі фотосуреттерде ұсынылған.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу