banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

05.03.2022 ж.

 

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Қазақстан ғылымына Казмеханобрдің әйелдер қауымының үлесі» атты салтанатты жиналыс!  

 

2022 ж. 5 наурызда «ҚР МШКҰ ҰО» РМК филиалы «Казмеханобр» МӨЭҒӨБ директоры Серікбол Тілеулесұлы Шалғымбаевтың басшылығымен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Қазақстан ғылымына Казмеханобрдің әйелдер қауымының үлесі» атты салтанатты жиналыс өтті.

Казмеханобр ұжымында 50%-дан арта қызметкерлер әйелдер қауымы. Олар минералдық шикізатты қайта өңдеу проблемаларымен, атап айтқанда асыл метал құрамынды алтын және мыс кендерін, полиметалды қорғасын-мырыш, хром, марганец, барит және т.б. кендерін қайта өңдеу жұмыстарымен айналысады. Қазіргі таңда Казмеханобрдің жаңа технологиялары бойынша Қазақстанда 6 тонна алтын өндіріледі, бұл өндірілетін алтынның сегізінші бөлігін құрайды. Сонымен қатар, біздің қауымның әйелдері әкімшілік-басқару және қосалқы жұмыстар атқарады.

Жалпы, 2021 жылдың жақсы өндірістік көрсеткіштермен және жеткілікті табысты аяқталуы бірден бір әйелдер қауымының еңбегі.

Директордың бұйрығымен, ғылыми және өндірістік жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін және 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, Казмеханобрдің барлық әйелдеріне ақшалай сыйлықақы берілді.

Салтанатты түрде еселі еңбегі үшін және 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, 

Құрмет грамотасымен марапатталды:

– Ли Эра Менчуковна – директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары – минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің бастығы;

– Болотова Людмила Сергеевна – асыл металдар зертханасының меңгерушісі;

– Уаисова Лейла Гумбатовна – технологиялық бөлім бастығы;

– Смолякова ВалентинаИвановна – бас бухгалтер. 

Алғыс хатпен марапатталды:

– Абдрахимова Ғалия Жапаровна – жалпы бөлімнің аудармашысы;

– Алимовой Парида Мустапаевна – жалпы бөлімнің медбикесі.

Мерекелік іс-шара қызықты конкурстармен жалғастырылды. Ұжым қызметкерлері белсенді қатысып, әйелдерге гүл шоқтарымен сыйлықтар берілді. 

Мерекенің қызықты сәттерін төмендегі фотосуреттерден көруге болады.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу