banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

11.03.2022 ж.

Башева Жазира Тоқтанбекқызының 50 жасқа толу мерейтойы!

2022 жылғы 11 наурызда «ҚР МШКҰ ҰО» РМК филиалы «Казмеханобр» МӨЭҒӨБ Г.П. Штреккер атындағы Химия-аналитикалық зертханасының аға ғылыми қызметкері Башева Жазира Тоқтанбекқызы 50 жасқа толды.

Еңбек жолын Ж.Т. Башева 2018 жылы шілдеде «Казмеханобр» МӨЭҒӨБ аға ғылыми қызметкер ретінде бастаған.

Ж.Т. Башева жұмыс кезеңінде өзін жауапты, адал, еңбекқор, сенімді және көпшіл қызметкер ретінде көрсетті. Ол өз міндеттерін орындау кезінде жеке бастама көтереді, ұжымда құрметке ие. Оның химия магистрі академиялық дәрежесі бар және 50 ғылыми мақала мен Халықаралық конференциялар тезистерінің бірлескен авторы.

Жазира Тоқтанбекқызының 50 жасқа толу мерейтойына орай және адал жемісті еңбегін ескере отырып «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі Ұлттық Орталығы» РМК Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықақымен марапатталды.

Мерейтойыңызбен, Жазира Тоқтанбекқызы!

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу