banner glavkz

06.05.2022 ж.
Отан қорғаушылар күніне арналған «Казмеханобр ер-азаматтарының Қазақстан  ғылымының  дамуына қосқан үлестері» тақырыбындағы ұжымның салтанатты жиналысы

 

        6 мамыр 2022 ж. «ҚР МШКҰ ҰО» РМК филиалы «Казмеханобр» МӨЭҒӨБ «Казмеханобр ер-азаматтарының Қазақстан  ғылымының  дамуына  қосқан үлестері» тақырыбына Отан қорғаушылар күніне арналған ұжымның салтанатты жиналысы өтті!

Бәрімізге белгілі ғылым саласын ер-азаматтардың қатысу үлесі басым, өйткені ғылыми жұмыс бір ғана интеллектуалды жүктеме емес, ол физикалық жүктемені де талап етеді. Казмеханобр ер-азаматтары Қазақстан ғылымының дамуына лайықты үлес қосып жүр. Олар минералдық шикізатты қайта өңдеу проблемаларымен, атап айтқанда  құрамында асыл металдар бар алтынды және мыс, полиметалды қорғасын-мырышты, хромит, марганец, барит және т.б. кендерді қайта өңдеу жұмыстарымен  айналысады. Ер-азаматтар тек ғылыммен ғана емес, олар басқа да әкімшілік – басқару және қосалқы жұмыстар атқарады.

Директордың бұйрығымен, ғылыми және өндірістік жұмыстағы қол жеткізген жоғары көрсеткіштері, сонымен қатар Отан қорғаушылар күніне орай,  Казмеханобрдің барлық ер-азаматтарына ақшалай сыйлықақы берілді.

Отан қорғаушылар күні мерекесі құрметіне орай төменде аталған қызметкерлер Филиал Басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды

Қаналы Е.С. - асыл металдар зертханасының аға қызметкері,

Ұйытқыбаев Н.Т. - минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің жетекші  инженері,

Нәбиев Т.С. - минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің жетекші инженері.

 

«ҚР МШКҰ ҰО» РМК объектілерін күзету кезіндегі ерекше белсенділігі, қырағылығы, батылдығы үшін және Отан қорғаушылар күні мерекесінің құрметіне орай Ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері – Қайрат Қуанышбекұлы Садуақасов пен Абзал Айдынұлы Орынбай Филиал басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Әрі қарай іс-шара мерекелік концертпен, құттықтаулар және конкурстармен жалғасты.

Мерекенің ең қызықты сәттерін төмендегі фотосуреттерден көруге болады.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу