banner glavkz

03.06.2022 ж.
Теория тәжірибеде меңгеріледі
 

     60 жылдан астам уақыт бойы «ҚР МШКҰ ҰО» РМК филиалы «Казмеханобр» МӨЭҒӨБ тәжірибелі ғалымдар, мамандар ұжымы жәнебай материалдық-техникалықбазасы бар ірі ғылыми-өндірістік институттардың бірі болып саналады. Сондықтан Қазмеханобр арнайы жоғарғы оқу орындарының студенттеріне толыққанды практикадан өтуге, болашақта жұмысқа орналасуға жол ашатын қажетті зерттеулер жүргізудің әдістерін үйренуге және өндірістік тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

     Қазмеханобр және Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ арасындағы ынтымақтастық туралы Келісім шегінде жыл сайын «6В07203 – Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша 1-3 курс студенттері үшін таныстыру және ғылыми-өндірістік практика ұйымдастырылды. Болашақ металлургтер мен байытушылар түсті және асыл металдар кендерін қайта өңдеудегі әр түрлі әдістерімен танысып, кендерді зерттеуге дайындау барысындағы жұмыстарға, сонымен қатар гравитация және флотация әдісімен кендерді байыту жұмыстарына қатысты.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу