banner glavkz

03.10.2022 ж.
Мүмкіндіктерді кеңейту
 

Біліктілікті арттыру, жаңа білім алу және ынтымақтастық туралы болашақ өзара тиімді келісімдер жасасу мақсатында «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ өкілдері (бұдан әрі - Қазмеханобр) Алматы қаласындағы Атакент Көрме орталығында өткен 27-ші Орталық Азия халықаралық «Тау-кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесіне қатысты.

Біздің бірлестіктің қызметкерлеріне тау-кен-металлургия және байыту саласының әлемдегі ең жаңа үрдістерімен танысу мүмкіндігі берілді. Түрлі жабдықтар мен аспаптарда жұмыс істеуге үйрету бойынша өткен шеберлік сабақтарына қатысты.

Келешекте ынтымақтастық туралы өзара тиімді келісімдер жасау үшін «Distritech» ЖШС, «Metso Outotec Kazakhstan», «Eirich East Europe», «RepSample» ЖШС, «FLSmidth», «Maschinenfabrik Koppern & Co», «Прогресс КазИнжиниринг» ЖШС, «MicroSolutions» ЖШС компанияларымен екіжақты келіссөздер жүргізілді.

Алғашқы нәтиже – GBC Scientific Equipment (Австралия) компаниясының аймақтық өкілі Уматаран мырзамен және «DistriTech» ЖШС сату жөніндегі ассистенті Мерешко Ксениямен Қазмеханобр ғылыми бөлімі басшылығы мен жетекші мамандарының кездесуі. Бесінші буын savant Sigma атомдық-абсорбциялық спектрометрін сатып алу мүмкіндігі егжей-тегжейлі пысықталды. Осы жаңа жабдықтардың барлығы орындалатын жұмыстардың деңгейін көтеруге және халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу