banner glavkz

15.12.2022 ж.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс

 

2022 жылы 15 желтоқсан күні «ҚР МШКҰ ҰО» РМК филиалы «Казмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік-экология ғылыми-өндірістік бірлестігінің ұжымында Қазақстан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. 

Атаулы күнмен – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесімен Қазмеханобр ұжымын директор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Серікбол Тілеулесұлы Шалғымбаев құттықтады. Қазмеханобр ұжымы еліміздің осы басты мерекесін жұмыста жақсы табыстармен қарсы алғанын атап өтті. Ұжымның барлық қызметкерлеріне мереке құрметіне орай ақшалай сыйақымен марапатталғаны туралы бұйрықтың мәтіні оқылды. Сонымен қатар көп жылғы адал еңбегі үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне орай Қазмеханобрдың біраз қызметкерлерін марапаттады: 

Құрмет грамотасымен – Асыл металдар зертханасының аға ғылыми қызметкері Е.Қ. Есенғараевқа, бірінші санатты экономист Е.В. Богатыреваға және Алғыс хатпен Ішкі қауіпсіздік қызметінің күзетшісі Н.Т. Берікбаевқа. 

Салтанатты жиналыста мемлекетіміздің тәуелсіздігінің тарихы туралы видеоролик көрсетілді, сонан соң барлық қызметкерлердің қолдауымен Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. 

 

Салтанатты жиналыстың кейбір сәттері төмендегі фотосуреттерде ұсынылған.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу