banner glavkz

07.03.2023 ж.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

 

2023 жылдың 7 наурызында «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр»МӨЭҒӨБ ұжымының барлық мүшелерінің қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналысы өтті!

ҚР ИИДМ «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ көптеген талантты ғалым-әйелдер жұмыс істейді, олардың жұмыстары негізінен минералды шикізатты өңдеудің өзекті мәселесіне, атап айтқанда алтынқұрамды және алтынмыс кендерін, полиметалл қорғасын-мырыш, хромит, марганец, темір, барит және т.б. кендерді өңдеуге бағытталған.

Табиғи және техногендік ресурстарды байыту технологиясын құру –кешенді дайындау, талдау, ғылыми-зерттеу жұмыстарынГқамтитын күрделі процесс. Байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің, Г.П. Штреккер атындағы химия-аналитикалық зертхананың және асыл металдар зертханасының әйелдері құнды компоненттерді алуда өте мұқият жұмыс жасайды. Олар нағыз кәсіпқойлар және де қиын байытылатын кендердің өзі де олардың жоғары біліктілігіне қарсы тұра алмайды.

Қазмеханобр ерлері Қазмеханобрдың жаңа жетістіктерге жетудегі қозғаушы күш нәзік жанжылардың жасампаз энергиясы болатынына сенімді!

Директордың бұйрығымен ғылыми және өндірістік жұмыста қол жеткізген жоғары көрсеткіштері үшін, сондай-ақ 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне байланысты Қазмеханобраның барлық әйелдері ақшалай сыйлықтар алды.

Салтанатты жағдайда қажырлы еңбегі үшін және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу құрметіне:

Құрмет грамоталар:

– асыл металдар зертханасының аға ғылыми қызметкері – Мазяркина Людмила Андреевнаға;

– Г.П. Штреккер атындағы химия-аналитикалық зертханасының жетекші инженері – Хакимова Эльмира Мансұрқызына.

Алғыс хаттар:

– минералды шикізатты байыту және жартылай өндірістік сынақ бөлімінің 5- разрядты флотаторы – Ерисковской Елена Павловнаға;

асыл металдар зертханасының аға зертханашысы – Редько Надежда Ивановнаға;

асыл металдар зертхансының 5-разрядты зертханашы-пробиршісі – Король Ольга Владимировнаға;

мемлекеттік сатып алу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджері – Коробова Надежда Аликовнаға;

жалпы бөлімнің іс-жүргізушісі Абаханова Аида Сарсенбайқызынатабыс етілді.

Мерекелік іс-шара өте қызықты байқаулармен жалғасты. Бүкіл ұжым белсенді қатысты, ал сүйкімді әйелдер гүлдер мен тәттілер түрінде сыйлықтар алды.

 

Сондай-ақ, 8 наурыздың құрметіне бейнеролик дайындалды, ол Фейсбуктегі Казмеханобраның ресми тобында жарияланды. Бейнероликпен мына сілтемеде танысуға болады: https://www.facebook.com/100001708906986/videos/918870359304082/

 

Мерекенің ең қызықты сәттері төмендегі фотосуреттерде бейнеленген.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу