banner glavkz

03.04.2023 ж.

Сүлейман Демирел атындағы университетімен ынтымақтастық (Түркия)

 

Біліктілікті арттыру және жаңа білім алу мақсатында «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ (бұдан әрі - «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ) жас мамандары Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ұйымдастырған Сүлейман Демирел атындағы университеттің Тау-кен факультетінің Пайдалы қазбаларды өңдеу бөлімінің Металдар мен минералдарды алу және өңдеу жөніндегі зерттеу тобының бастығы профессор Ата Акчилдің (Ata Akcil, h-index = 40) «Suleyman Demirel University: research activities aimed at circular economy and sustainable strategies for metal recovery from primary and secondary resources (Physical, Chemical and Biological Treatment)» тақырыбы бойынша дәрісіне қатысты (Түркия, қ. Испарта).

Профессор Ата Акчил директор Шалғымбаев Серікбол Тілеулесұлы бастаған Қазмеханобр ғылыми бөлімінің басшылығымен және жетекші мамандарымен кездесу өткізу үшін «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ-қа шақырылды. Кездесу барысында өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының мәселелері айтылды және талқыланды.

Кездесу қорытындысында ғылыми-техникалық, инновациялық және білім беру қызметінде өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыру жөнінде «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр»МӨЭҒӨБ (Қазақстан) мен Сүлейман Демирел атындағы университеттің Тау-кен факультетінің Пайдалы қазбаларды өңдеу бөлімінің (Түркия) арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.

Келіссөздерден кейін профессор А. Акчилге «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ-тың жартылай өнеркәсіптік сынақ фабрикасына экскурсия өткізілді.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу