banner glavkz

06-08.04.2023 ж.

Алтын өндіру өнеркәсібінде SART технологиясын қолдану

 

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің төрағасы, асыл металдар зертханасының аға ғылыми қызметкері Ерназар Серікұлы Қаналы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған «Химия» бағыты бойынша «Фараби Әлемі» студенттері мен жас ғалымдарының халықаралық ғылыми конференциясына қатысты, Алматы қаласында.

SART технологиясының әлемдік алтын өндіру өнеркәсібінде қолданылуына шолу жасауға арналған «Алтын өндіру өнеркәсібінде SART технологиясын қолдану» тақырыбына баяндама жасады (авторлары: Е.С. Қаналы, Б.Н. Сүрімбаев).

Әлемде цианидті алудың бірнеше технологиялары белгілі, олар көбінде ерітіндіден бір уақытта мыс алуға қабілетті. SART технологиясы (сульфидизация, тотығу, тотықсыздану және қоюлану)  1998 жылы Австралияда жасалған. Бұл технология ерітіндіні күкірт қышқылымен қышқылдандырудан және тұндырылған қатты затты (CuCN) сүзу арқылы бөлуден тұрады. SART технологиясы әлемнің әртүрлі алтын өндіру кен орындарында сәтті қолданылуда, ол Чопляр (Түркия), Гедабек (Әзірбайжан), Марикунга, Серро Казале, Эскалонес (Чили), Эль Баркено (Мексика), Ла Маскота (Колумбия) кенішітері.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу