banner glavkz

12.04.2023 ж.
Зерттеулерден өндіріске дейін

 

Қазіргі заманда металдар біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар құрылыс, автомобиль өнеркәсібі, электроника, медицина және т.б. көптеген салаларда қолданылады. Асыл және түсті металдарды пайдалану кенді өндіруден бастап оларды өндіруге дейінгі күрделі процестерді қажет етеді.

Бүгінде әлемде металдарды пайдаланбайтын бірде-бір саланы кездестіру мүмкін емес, сондықтан да кенді байыту және оны өңдеу процесі өзекті жағдай болып тұр.Металдарды өндіру процесінің негізгі кезеңдерінің бірі оларды байыту болып табылады. Металдарды байыту және өндіру процесінің әрбір кезеңі мамандардың жоғары біліктілігі мен тәжірибесін талап ететінін атап өту маңызды. Металдарды байытудың оңтайлы технологиясын таңдау кезінде кен орнының түрі, оның геологиялық ерекшеліктері, кеннің құрамы мен құрамдастығы сияқты әртүрлі факторлар ескеріледі. Кендегі металдардың құрамын анықтау үшін түрлі химиялық талдаулар қолданылады.

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ (бұдан әрі-Қазмеханобр) түсті металдар кендерін байыту мен асыл металдар гидрометаллургиясы технологияларын зерттеуге, әзірлеуге және енгізуге маманданған. Қазмеханобром жүргізген зерттеулер байытудың оңтайлы технологиясын және металдарды өңдеудің неғұрлым тиімді әдістерін анықтауға мүмкіндік береді

Қазмеханобр Қазақстан Республикасында және ТМД елдерінде өнімділігі сағатына 50-60 кг болатын жалғыз және бірегей тәжірибелік-өнеркәсіптік кешенге ие, онда кендердің әртүрлі түрлерін байыту технологиясына сынау жүргізіледі, бұлар – Қажықонған кен орнының күрделі тотыққан мыс кендері, Ақжар-Сарытым кен орнының марганец кендері, Шалқия, Шоқпар және Гагарин кен орындарының полиметалл кендері, Жерек кен орнының берік көміртекті-мышьякты сульфидті кендері, Дүберсай мен Дон КБК-нің жатынды шламды қалдықтары, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның флюорит-фенакит-бертрандит кендері, алтынқұрамды Райгородок пен Васильевское және басқа да кен орнындары.

Міне көптеген жылдар бойы Қазмеханобр жоғарыда аталған металдар өндірісіне өзінің технологиялық зерттеулерінің нәтижелерін табысты түрде жүзеге асырып келеді және сол арқылы тау-кен-металлургия саласы үшін технологияларды әзірлеу бойынша қойылған міндеттерді шешуде.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу