banner glavkz

24.04.2023 ж.
Республикалық пәндік олимпиада

 

2023 жылдың 19-21 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Химия және химиялық технология факультеті ұйымдастырған «Химия», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ ғалым хатшысы, аға ғылыми қызметкері, PhD Б.Н. Сүрімбаев «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада комиссиясының төрағасы ретінде шақырылды.

Олимпиада аясында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасынан 5 команда бақсынасты: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 2 команда, Satbayev University, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне бір-бір командадан.

Төраға бастаған комиссия мүшелері олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын бағалап, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етті.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу