banner glavkz

22.06.2023 ж.

Студенттердің тәжірибесі

Қазмеханобр мен университтетер арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім аясында Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Химия» мамандықтарында оқитын 1-3 курс студенттері таныстыру және ғылыми-өндірістік тәжірибеден өтті. Болашақ байытушы-металлургтер мен химиктер түсті және асыл металдар кендерін өңдеу әдістерімен, сондай-ақ кендерді өңдеу үшін пайдаланылатын жабдықтармен (бұрандалы сепаратор, шөгу машиналары, концентрациялық үстелдер, Нельсон аппараты, әртүрлі көлемдегі флотациялық машиналар, өзекті диірмендер, магниттік сепаратор, экстракциялық және электролиздік қондырғылар, алтынқұрамды және мысты кендерді шаймалауға арналған колонналармен) танысты.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
            (жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу