banner glavkz

01.09.2023 ж.

 

Қадірменді достар!

Оқу жылының басталуына орай «Smart University Press» баспасынан біздің «Пайдалы қазбаларды байыту бойынша қазақша-орысша-ағылшынша терминологиялық анықтамалық сөздік = Казахско-русско-английский терминологический словарь-справочник по обогащению полезных ископаемых = Kazakh-Russian-English Terminological Dictionary-Handbook of Mineral Processing» кітабымыз шықты.

Пайдалы қазбаларды байыту саласындағы терминдерді қайта қараудың өзектілігі мемлекеттік тілде, сондай-ақ өзге тілдерге аудару кезінде терминдердің бұрыс аударылуы мен оны дұрыс пайдаланбауы болып табылады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Президент қазақ тілінің дамуы туралы «...Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Қазақ тілі білім және ғылым, мәдениет пен іс жүргізу тіліне айналуда. Жалпы алғанда, ол өзінің қолданылу аясын дәйекті түрде кеңейіп келеді...»-деді. Сонымен қатар, әлемдегі ғылыми-техникалық ақпараттың негізгі тілі ағылшын тілі болып табылады, сондай-ақ әлемде ғылымның дамуымен байытуда жаңа терминдер және олардың ағылшын тіліндегі мағыналары пайда болды, бұл мамандардан осы тілде неғұрлым өзекті ақпаратты іздеп алуды талап етеді. Бәсекеге қабілетті болу үшін, пайдалы қазбаларды байыту саласында ұлттық кәсіби ғылыми-техникалық кадрларды даярлау, терминологияға деген жаңа көзқарасты талап етеді.
Осыған байланысты терминологиялық анықтамалық сөздікті құрастыру қажеттілігі туындады, онда байыту терминдері үш тілде біртұтас жүйеге жинақталатын болады, бұл олардың ғылыми және техникалық әдебиеттерде, есеп беру мен нормативтік құжаттарда еркін және бұрыс аударылымды қолдануды болдырмауға, сондай-ақ ұлттық ғылыми және инженерлік-техникалық кадрларды даярлаудағы көзқарастарын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ұсынылып отырған анықтамалық – сөздік пайдалы қазбаларды байыту саласындағы қолданған терминологияларын жүйелеу әрекеті болып табылады. Ұсынылып отырған терминологиялық анықтамалық сөздіктің айрықша ерекшелігі:
− кендерді байыту бойынша ғылыми және техникалық әдебиеттерде кеңінен таралған негізгі классикалық және жаңа терминдер, сонымен бірге осы пәнмен тығыз байланысты металлургия өндірісі, тау-кен, химия және т.б. салалардың терминдері енгізілген.
− терминологиялық анықтамалық сөздіктің ерекшелігі тақырыптық бөлімдерге бөлінуі. Ыңғайлы болу үшін терминдер нөмірленген және әр термин нөмірі үш тілде бірдей берілген, яғни бұл іздеуді ыңғайлы етеді. Анықтамалық сөздіктің соңында нөмірі және алфавиттік тәртіп бойынша терминдерді іздеуге арналған көрсеткіштер ұсынылған.

Авторлар, қосқан үлесі мен құнды кеңестері үшін ««ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ асыл металдар зертханасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты Людмила Сергеевна Болотоваға ерекше алғыс білдіреді. Авторлар сондай-ақ, Жанаманова Сәндікүл Нартайқызына және Хумарбекұлы Ерасылға анықтамалық сөздікте қолданылған терминологияны аударуға көмектескені және қосқан үлкен үлестері үшін алғыс білдіреді.

Анықтамалық сөздіктің шығу мәліметтері:
Сүрімбаев Б.Н., Шалғымбаев С.Т. Пайдалы қазбаларды байыту бойынша қазақша-орысша-ағылшынша терминологиялық анықтамалық сөздік. – Алматы: Smart University Press, 2023. – 316 б. ISBN 978-601-7847-53-1
/ Суримбаев Б.Н., Шалгымбаев С.Т. Казахско-русско-английский терминологический словарь-справочник по обогащению полезных ископаемых. – Алматы: Smart University Press, 2023. – 316 с. ISBN 978-601-7847-53-1
/ Surimbayev B.N., Shalgymbayev S.Т. Kazakh-Russian-English Terminological Dictionary-Handbook of Mineral Processing. – Almaty: Smart University Press, 2023. – 316 p. ISBN 978-601-7847-53-1

Кітапты «Smart University Press» баспасынан алуға болады.
Тел:+7-707-830-07-83, Бағасы 11 000 тг.

 

                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу