banner glavkz

25.09.2023 ж.

Қытай Халық Республикасының құрылғанына 74 жыл толуына орай Қазмеханобр өкілдерін шақыру

Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Цзян Вэй ханым мен ғылым және техника жөніндегі консул Чжан Вэй мырза «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ директоры С.Т. Шалғымбаевқа, асыл металдар зертханасының меңгерушісі Л.С. Болотоваға және ғалым хатшы Б.Н. Сүрімбаевқа Қытай Халық Республикасының құрылғанына 74 жыл толуына орай өтетін салтанатты қабылдауға қатысыға шақыру билеттерін жіберді.

Цзян Вэй ханым мен Чжан Вэй мырза Қазмеханобр өкілдерін жылы қарсы алды, ҚХР үкіметінің шетелдік мамандарға арналған жоғары наградасы – «Достық» медалінің иегері Қазмеханобр асыл металдар зертханасының меңгерушісі Людмила Сергеевна Болотованың қатысып отырғанын, оның Қытайдың алтын өндіру өнеркәсібіне қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Достық» медалі – Қытайдағы шетелдік мамандарға арналған ең жоғары марапат, оны Л.С. Болотова жоғары тиімді жаңа ион алмасу технологиясын әзірлегені және енгізгені үшін 1994 жылы алған болатын. Қазақстан тәуелсіздігін алған күннен бастап осы наградаға Қазақстан Республикасынан 4 ғана маманы ие болды және «Достық» медалінің бірінші иегері Болотова Людмила Сергеевна болып табылады.

Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Цзян Вэй мен ғылым және техника жөніндегі консул Чжан Фэй Қазмеханобр әзірлемелерінің алтынды байыту мен гидрометаллургиядағы маңыздылығын атап өтті.

 

                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу