banner glavkz

30.10.2023 ж.

Қазмеханобрға 65 жыл!

Биыл «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы «Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігі (бұдан әрі-Қазмеханобр) өзінің 65 жылдығын атап өтуде.

Өзінің қалыптасуы мен дамуы кезеңінде Қазмеханобр өзін Қазақстан Республикасының тау-кен байыту кешенінің жетекші салалық институттарының бірі ретінде көрсетті және қазір көптеген отандық және шетелдік компаниялар үшін «Қазмеханобр» атауы «бренд» сияқты есептеледі.

Оның қадыптасуы Алматы қаласында Механобр Бүкілодақтық Пайдалы қазбаларды механикалық өңдеу ғылыми-зерттеу және жобалау институтының филиалын құру туралы 1958 жылғы 30 қазанда, КСРО Министрлер Кеңесінің мемлекеттік жоспарлау комитетінің №585 бұйрығынан кезеңінен бастау алды.

Салалық институтты ұйымдастыру қажеттілігі Қазақстан мен Орта Азиядағы тау-кен металлургия өнеркәсібінің қарқынды дамуымен туындады, бұл өз кезегінде үлкен көлемде ғылыми-зерттеу, жобалау және конструкторлық жұмыстардың жүргізуді көздеді.

Қазмеханобрға келесі міндеттер жүктелді:

-Қазақстан және Орта Азия кен орындарының түсті металдарын байыту саласындағы зерттеулер;

-Қазақстан мен Орта Азияның түсті металдар кендерін байыту саласындағы техникалық-экономикалық зерттеулер;

- Қазақстан мен Орта Азияның байыту фабрикаларын жобалау;

- түсті металлургия кәсіпорындарының қалдық шаруашылықтары мен тазарту құрылыстарын жобалау;

- түсті металлургия кәсіпорындарының өнеркәсіптік сарқынды суларын тазарту әдістері мен құралдарын әзірлеу;

- тазарту құрылыстары мен байыту фабрикаларының қалдық шаруашылықтары жұмысының тиімділігін арттыру әдістерін әзірлеу;

- түсті металлургияның байыту фабрикаларында байыту процестерін кешенді механикаландыру және автоматтандыру әдістерін, құралдары мен жүйелерін әзірлеу.

1966 жылы КСРО Түсті металлургия Министрлігінің №565 бұйрығымен «Механобр» институтының Қазақ филиалы бүкілодақтық мәртебеге ие болды және түсті металдар кендерін байыту жөніндегі дербес мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты «Қазмеханобр» болып бөлінді және КСРО Түсті металлургия кәсіпорындарының жұмыс істейтін аудандарында табиғи су объектілерін өнеркәсіптік ағынды сулармен ластанудан қорғау жөніндегі бас мекеме болып айқындалды.

Институтты ұйымдастыру мен қалыптастырудың бастауында, одан кейінгі жылдарда Қазмеханобрдың дамуына елеулі үлес қосқан керемет ғалымдар мен жоғары білікті мамандар болды:

Ғылыми бөлімде:

Т.ғ.д., Қаз. КСР Министрлер кеңесі сыйлығының лауреаты Лебедев К.Б.; т.ғ.д., КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Баймаханов М.Т.; т.ғ.д., Клец А.Н.; т.ғ.д., Академик Е.А. Бөкетов атындағы сыйлық лауреаты Космухамбетов А.Р.; х.ғ.к., әл-Фараби атындағы ғылым және техника Е. А. Бөкетов атындағы сыйлығының лауреаты Болотова Л. С.; Антонов В.Н., х.ғ.к. Любман Н.Я.; х.ғ.к. Иманғазиева Г.К.; т.ғ.к. Стацура П.Ф.; х.ғ.к. Штреккер Г.П.; Еңбек Қызылту орденінің кавалері Кабдиева Д.Х.; т.ғ.к. Мищенко Г.Х.; т.ғ.к. Мартьянов Ю.А.; х.ғ.к. Мартьянова Н.И.; т.ғ.д. Давыдов Г.И.; т.ғ.к. Студенцов В.В.; Матусевич Л.И.; х.ғ.к. Духанкина Л.С.; Дубянская А.С.; Петров А.А.; т.ғ.к.. Чернов Ю.К.;т.ғ.к.. Кульсартов В.К.; Академик Е.А.Бөкетов атындағы сыйлық лауреаты Ли Э.М.; т.ғ.к. Молов А.М.; т.ғ.к. Скормина Р.А.; т.ғ.к. Басин А.А.; Кулимина Г.М.; Рубцов Н.В.; т.ғ.к., Академик Е.А.Бөкетов атындағы сыйлық лауреаты Ниязов А.А.; Рубцова З.П.; т.ғ.к. Озеров А.И.; Ганжа Т.И.; т.ғ.к. Коноплина Р.П.; Витковская А.П.; х.ғ.к. Стороженко Н.Д.; Олейников А.Г.; х.ғ.к. Қайдарова Р.К.; Косоурова Е.К. және басқа да көптеген ғалымдар,

жобалау бөлімі бойынша:

т.ғ.к. Белоусов А.М.,; Евтеев Г.М.; Черемных П.А.; ҚР ИИДМ «Еңбек даңқы» кеуде белгісінің иегері Ремизов И.С.; КСРО түсті металлургия Социалистік жарысының үздігі Новоселов В.А.; Масалов А.М; Еңбек қызыл ту орденінің кавалері Козин Н.Ф.; Радаев В.Л.; Антонов К.А.; Петров А.И.; Николаенко Ю.Н.; Цейслер Г.С.; Демин Г.Н.; Пак Р.С.; Завалин Г.Н.; Поплавский В.Г.; Морозова А.А.; Лыщенко Н.А.; Матусевич В.В.; Переяслов В.А.; Якунин А.И.; Мельник Л.Я.; Переславцев Н.В.; Райвич И.Б.; Николаенко Т.Н.; Зайцев Н.А.; Кириери Н.А.; Сущенцева А.Ф.; Питерова Т.Г. және тағыда басқа көптеген қызметкерлер.

Қазмеханобрдың қалыптасуы мен дамуында оны әр жылдары басқарған директорлардың еңбегін ерекше атап өткен жөн: т.ғ.к. Ревазашвили Б.И.; т.ғ.к. Шелестов М.С.; т.ғ.к. Свядош ЮН.; т.ғ.к. Попов Г.С.; т.ғ.к. Клец А.Н., х.ғ.к. Шалғымбаев С.Т.

2013 жылдың ақпан айында Қазмеханобр директоры болып х.ғ.к., доцент Шалғымбаев Серікбол Тілеулесұлы тағайындалды.

2013 жылдан бастап «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК басшылығының тікелей қолдауымен институттың ғылыми және жобалық бөлімдері шетелдік өндірістердің заманауи жабдықтарымен қайта жарақтандыру басталды.

Соңғы 10 жылда:
- 150-ден астам ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалды;
- жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша 29 Технологиялық регламент әзірленді;
- жер қойнауын пайдаланушылардың тапсырыстары бойынша 15 жобалау-сметалық құжаттама (кезеңдері: жоба, жұмыс жобасы) әзірленді. Барлық ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды;
- тиісті енгізу актілерін ала отырып, өндіріске 5 ғылыми әзірлеме енгізілді;
- Қазмеханобрдың тәжірибелік фабрикасында түрлі кен орындарының кендерін байыту бойынша жартылай өнеркәсіптік сынақтар жүргізілгені туралы 10 акт алынды;
- өткізілген ҒЗЖ нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 5 хаттамасы бекітілді.

Минералды шикізатты өңдеу саласында ҚР ірі өнеркәсіптік компанияларымен тығыз іскерлік және шығармашылық байланыстар сақталады: «RG Gold» ЖШС, «Алтыналмас АК» АҚ, «Васильевское» тау-кен металлургиялық компаниясы» ЖШС, «Шоқпар-Гагаринское» ЖШС, «Nova Цинк» ЖШС, «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ, «AltynEx Company» АҚ, «Атығай Голд Майнинг» ЖШС, «Бақыршық тау-кен кәсіпорны» ЖШС, «Варваринское» АҚ, «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС, «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы» АҚ, «Восход Хром» ЖШС және т. б. Қызметтің мұндай нәтижелері кәсіпорынның жақын болашақта даму жоспарларын әзірлеу және аяқталған жұмыстар бойынша бірлескен жарияланымдарды басып шығару болып табылады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы Қазмеханобрдың Қазақстан Республикасы тау-кен металлургия кешенінің салалық бірлестігі ретіндегі рөлін сақтап қалғанының айқын дәлелі болып табылады.

 

                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу