banner glavkz

08.11.2023 ж.

Қазмеханобрдың жартылай өнеркәсіптік сынақ фабрикасы

 

Жартылай өнеркәсіптік сынақ фабрикасы «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ-ның (бұдан әрі – Қазмеханобр) минералды шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің бір бөлігі болып есептеледі, онда мынандай жұмыстар орындалады:

         – кен және түрлі минералды шикізаттың сынамаларын дайындау;

полиметалл, барит-полиметалл, қорғасын-мырыш, мыс-мырыш, алтынқұрамды-мыс, барит, марганец, хром, мыс-молибден, титан-цирконий, сондай-ақ басқа да кендер мен техногендік минералдық түзілімдердің байытылуына зерттеу;

ҚР МҚК қорларын бекіту үшін нақтыланған деректерді бере отырып, жаңа кен орындарының кендерін байытуға арналған зерттеу;

– жаңа флотореагенттерді сынау бойынша зерттеу;

– өнімділігі сағатына 60 кг дейін бараиын тәжірибелік-байыту фабрикасында технологиялық схемаларды жартылай өнеркәсіптік сынауда байытудың мынадай әдістерін қолданылады: гравитациялық (шөгу машинасы, Нельсонның орталықтан тепкіш концентраторы, концентрациялық үстелдер, ауыр орта сепараторы); флотациялық (камералардың көлемі 12 л болатын флотомашиналар).

Қазмеханобрдың жартылай өнеркәсіптік сынақ фабрикасы Қазақстан Республикасында және ТМД елдерінде әртүрлі кендердің байытылуын бағалау үшін жартылай өнеркәсіптік сынақтар жүргізуге болатын жалғыз ерекше бөлімше болып табылады. Зауыттың өнімділігі сағатына 50-60 кг болады. Ол ұсақтау кешенімен және флотация алаңымен жабдықталған. Ұсақтау учаскесі бастапқы көлемі 400-500 мм дейінгі кенді, құрылыс және басқа материалдарды ұсақтауға, ұнтақтауға және жіктеуге арналған. Флотация учаскесінде минералды және техногендік шикізатты гравитациялық және флотациялық байыту жүргізіледі. Жартылай өнеркәсіптік сынақтар бастапқы ірілігі 0-300 мм салмағы 10-15 тонна кендердің үлгілерінде жүргізіледі.

 

                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу