banner glavkz

08.12.2023 ж.

Жастарға PhD бізде жол ашық 

PhD дәрежесін алу процесі қолданыстағы теорияларды зерттеуді ғана емес, сонымен қатар жаңа білімді құруды да қамтиды. Осы жолды таңдаған жас ғалымдар инновациялар мен күрделі ғылыми мәселелерді шешудің бастамашысы болады.

Ұзақ жылдар бойына «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ филиалында Жас ғалымдардың, әсіресе PhD докторлық дәрежесін алуға ұмтылатындардың дамуына ерекше назар аударылып, қолайлы жағдайлар жасалуда. Әріптестеріміздің тәжірибелі буыны жас мамандардың мансаптық өсуіне және дамуына ықпал ете отырып, өз білімдерімен бөлісуге дайын.

Нәтижелі тәлімгерлік бағдарламалардың нәтижелері PhD докторанттарды оқытуда айқын көрінеді. Асыл металдар зертханасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Е.А. Бөкетов атындағы сыйлықтың лауреаты, Людмила Сергеевна Болотованың жетекшілігімен үш ғылыми қызметкер 2018 және 2022 жылдары PhD докторлық дәрежесін сәтті қорғады, ал тағы бір докторант диссертациясын қорғаудың дайындық сатысында. Сондай-ақ осы зертхананың екі қызметкері Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне (Satbayev University) және Қазақстан-Британ техникалық университетіне докторантураға (2022-2023 жж.) түсті.

Докторлық диссертациялар аясында жүргізілетін және жүргізілген барлық зерттеулер біздің зертханалық ресурстарымызды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Осы зерттеулердің нәтижелері Scopus және Web of Science жоғары рейтингті журналдарында, патенттерде және тау-кен металлургиясы саласының кәсіпорындары үшін келешекте ұсынуға болатын ғылыми-зерттеу есептерінде көрсетіледі.

Біздің жас PhD докторанттарымыз инновациялық технологияларды әзірлеп ұсынды:

сутегі асқын тотығы мен натрий ацетатын қолдану арқылы алтынды цианидті үйінді шаймалау процесін қарқындату технологиясын.

– алтынқұрамды кендерді үйінді шаймалаудың өнімді ерітінділерін өңдеу кезінде АМ-2Б маркалы қаныққан иониттен алтын мен металл қоспаларын десорбциялаудың аралас технологиясын.

– гравитациялық концентратты қарқынды циандау кезінде сірке қышқылы ерітінділерін реагент-активатор ретінде пайдалана отырып, сульфидті кендерден алтын алу технологиясы.

Ғылыми зерттеулер қоғамның дамуында шешуші рөл атқаратын қазіргі уақытта PhD-ге ұмтылатын жастар интеллектуалды прогрестің қозғаушы күші болып табылады. Олар ғылымның өзекті мәселелерін шешуге айтарлықтай үлес қоса алады. Бізде жастарға жаңа ашылуларға, кәсіби өсуге және жалпы алғанда ғылым мен қоғамның болашағына ықпалын тигізетін PhD-гі әрқашан жол ашық.

 

                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу