banner glavkz

21.06.2024 ж.

Сынамалық талдау патшайымы

 

Біздің еліміздеалтынқұрамды кенді талдаудың сынамалы-гравиметриялық әдістемесіз бірде-бір зауыт салынбас еді. Бұл кендегі алтынның құрамын анықтаудың ең сенімді, дәл әрі сапалы әдісі. Бұл әдісті орындау көбінесе мамандардың біліктілігіне байланысты. Дәл осындай мамандар жер қойнауынан алынатын тонна алтынға жауап береді. Алынған талдау нәтижелеріне сүйене отырып, олар алтынөндіретін зауыттар салудың мақсаттылығы туралы ұсыныстар береді.

Осындай маманның бірі «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешендіқайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалы «Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігі (бұдан әрі-Қазмеханобр) қызметкері Людмила Мазяркина. Қазмеханобрадағы 55 жылдық еңбек қызметі барысында оның талдау деректері, Қазақстан кен орындарының алтынқұрамды кендерін өңдейтін көптеген технологияларды әзірлеу кезінде пайдаланылды. Қазмеханобрадағы еңбек жолын аға зертханашыболып бастап, аға ғылыми қызметкерге дейін өсті және қазіргі уақытта сынамалық талдау тобын басқарады. Адал еңбегіүшін Людмила Мазяркина бірнешерет мақтау қағаздарымен және алғысхаттармен марапатталды.

75 жылдық мерейтой күні, оның, саланы дамытуға қосқан үлесіне үлкен құрметпен қараймыз, және де одан әрі табыс пен денсаулық тілейміз!

 

Толығырақ:   Сынамалық талдау патшайымы

 

 

                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу