banner glavkz

 

 _________________________________________________________________________________________ 

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Министрлігінің жауапты хатшысы Атамкұлов Бейбіт Бәкірұлының«Қазақстан Республикасы минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу бойынша Ұлттық  Орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына келуі туралы

 

2015 ж. 2 наурызда Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы Атамкұлов Бейбіт Бәкірұлы «Қазақстан Республикасы минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу бойынша Ұлттық Орталығы» Республикалық  мемлекеттік кәсіпорнына келді.

Келу барысында Бейбіт Бәкірұлы Ұлттық Орталықтың және оның «Казмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экологиялық ғылыми-өндірістік бірлестігі филиалының ғылыми бөлімшелерінің жұмыстарымен толықтай танысты.

Ол зертханалардың заманауи жабдықтар және құралдармен техникалық қамтамасыздандырылуы мен жарақтандырылуына ерекше көңіл бөлді.

Бейбіт Бәкірұлы, өндірісте ұзақ уақыт еңбек еткен металлург-маман ретінде, зертханаларда жоғары деңгейде өткізіліп жатқан ғылыми зерттеулер мен олардың өндіріске енгізілуіне үлкен қызығушылық танытты. Пайдалы ұсыныс жасап, тапсырмалар берді.

Жауапты хатшының Филиал зертханаларына барған кейбір сәттерін төмендегі фотосуреттерден көруге болады. 

 

(үлкейту үшін  фотосуретке басыңыз )
(фотосуретті жабу үшін -  Esc кл.басыңыз)
                                            

 

Алдыңғы бетке қайта оралу