banner glavkz

 _________________________________________________________________________________________ 

КАЗМЕХАНОБРДЕГІ  МЕТАЛЛУРГТАР  КҮНІ  МЕЙРАМЫ!!!

       

Металлург – ғасырлар бойы келе жатқан мамандық. Археологиялық қазбалар кезінде табылған заттар біздің заманға дейінгі бесінші – алтыншы мыңжылдықта адамзаттың металды өңдеуді үйренгеніне куә.  Көне заманда адамзаттың үш ғасыры туралы түсінік пайда  болған, олар: тас, қола және темір дәуірлері бұл металдардың қоғамның дамуына қаншалықты маңызды екенін және металлургиялық өнердің қаншалықты  көне екенін білдіреді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының өкімімен  1957 жылдың 28  қыркүйегінде  Металлургтер күні  бекітілген.  Ол күн күнтізбеде КСРО ыдырағаннан кейін де қалған.

Қазақстанда, ҚР Президенті  Н. Назарбаевтың өкіміне сәйкес металлургтар күні 2003 жылы 15 қарашада бекітіліп,  шілденің үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Қазақстан минералдық-шикізаттық базасы бай елдердің бірі болып есептеледі. Металлургия елдің өнеркәсіптік өндірісінде жетекші орында және отандық экономиканың ірі секторы болып табылады. Қазақстан Металлургиясы - өндіру, байыту, металлургиялық қайта өңдеу, металлургиялық саланы дамытуға бағытталған ғылыми зерттеулер және жаңа кәсіпорындар салу жобаларының біртұтас кешені.  

 Металлургтар күні «Казмеханобр» МӨЭҒӨБ   ұжымы үшін үлкен мейрам, өйткені бұл салада жылдар бойы қызмет еткен мамандардың еңбегі барлық металлургиялық үдерістердің негізі болып табылады.   Казмеханобрдің мамандары  Қазақстан металлургиялық кәсіпорындарының   көпшілігіне  олардың да қосқан үлестері зор екенін мақтанышпен айта алады.

 Казмеханобрдің  қызметкерлері жақсы жұмыс атқару мен қатар демалысты да жақсы өткізе алады.

Әрине әр адамның демалыс туралы түсінігі әр түрлі. Кейбіреулер түскі асын  ресторанда ішкенді ұнатады, басқалары – қоршаған ортаның сұлулығын тамашалап табиғат аясында дем алғанды  жөн санайды.

 Казмеханобрдің  ұжымы Металлургтар күнін тойлауға қаланың жасыл аймағы  – Ақсай шатқалын таңдады.

Мейрамды дайындаған Казмеханобр Басшылығы мен ұйымдастырушылардың арқасында  табиғат аясында өткен демалыстан барлық  қызметкерлер  ұмытылмас  әсер  алды.

Демалыс бағдарламасы өте қызық және  көңілді құрастырылған. Табиғат аясындағы таңғы ас, кәуап және палаумен түскі ас,  үстел басындағы әндер,  футбол және волейбол спорттық ойындары басқа да интеллектуалдық ойындарға ұласып жатты. Жеңімпаздар алған жүлделеріне балаша қуанды. Табиғаттың көркін тамашалап, емдік шөптер, дала гүлшоқтарын жинауға да уақыт табылды. Аса батылдар мұздай тау суына шомылып ал кейбіреулер қайнаған самаурын басында әңгімелесті.

 Әрине бұндай демалыста  уақыт тез өтіп кетті. Жақсы дем алған қызметкерлердің көңіл күйі көтеріңкі болды .

Жалпы Металлургтар күнін тойлау жоғары деңгейде өтті десе  болады!!!

         Демалыста түсірілген  естелік фотосуреттер бұған куә.

          (үлкейту үшін  фотосуретке басыңыз )
         (фотосуретті жабу үшін -  Esc кл.басыңыз)
 
                                         

 


 _________________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу