banner glavkz

 _________________________________________________________________________________________ 

11.11.2015 ж.

«Тау-кен экономикалық  консалтинг» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесу-мәжіліс.

   

11.11.2015 жылы  директордың орынбасары  О.Н. Шегай және бас геолог С.Л.Авдеев  тұлғасында  «Тау-кен экономикалық  консалтинг» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесу (мәжіліс) өткізілді.

Қазмеханобрдың атынан: директор С.Т.Шалғымбаев, директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары А.А.Ниязов, минералды шикізатты байыту және жартылай өндірістік сынақ  жүргізу бөлімінің бастығы Э.М.Ли, асыл металдар зертханасының меңгерушісі Л.С.Болотова, асыл металдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері А.Г.Романенко қатысты.

         Кездесу барысында «Хаджиқонған» кен орны сульфидті және қышқылдандырылған мыс  шикізатының  ірі көлемді сынамасында жартылай өндірістік сынақтарды жүргізу мәселелері талқыланды. Осы сынақтардың ерекшелігі  байыту гидрометаллургиялық әдістермен ұштастыра отырып жүзеге асырылады.

 

 

Кездесудің кейбір сәттері төменде көрсетілген фотосуреттерде бейнеленген.

          

 

          (үлкейту үшін  фотосуретке басыңыз )
          (фотосуретті жабу үшін -  Esc кл.басыңыз)
 
                


 _________________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу