banner glavkz

 _________________________________________________________________________________________ 

14.12.2015 ж.

«ИА Strategy2050.kz»  үшін  Л. Болотованың сұхбаты.

Әлемдегі бірінші қорғасынның әр оныншы тоннасы біздің әзірленімдеріміз бойынша шығарылған. 

                 

 

Л.С. Болотова

 Әлемдегі алғашқы қорғасынның әр оныншы тоннасы ҚР минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының зерттемесі бойынша өндірілген, деп ағынан жарылды «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты – Людмила Сергеевна Болотова «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында.

АСТАНА ҚАЛАСЫ14 Желтоксан , 12:52

«Бізге әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы мемлекеттік сыйлығы берілді. Бізге сыйлық «Әлемдік технология нарығында Қазақстанның мәртебесін көтерген және еліміздің инновациялық дамуына елеулі үлес қосқан алтын мен қорғасын металлургиясы облысында жасалған әзірлемелерді өндірісте іске асыру» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін берілді», - деді Л. Болотова.

Лауреаттың айтуы бойныша, бұл әр ғалым үшін өте маңызды награда. 

«Біз бұл жоғара награданы мақтан тұтамыз,  еңбегімізді елеп осыншама жоғары бағалағаны үшін Елбасына алғыс айтамыз», - деп атап өтті Л. Болотова.

Айта кетерлік жайт, «Әлемдік технология нарығында Қазақстанның мәртебесін көтерген және еліміздің инновациялық дамуына елеулі үлес қосқан алтын мен қорғасын металлургиясы облысында жасалған әзірлемелерді өндірісте іске асыру» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты – Людмила Сергеевна Болотоваға әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы мемлекеттік сыйлығы берілді.

Индира Кауметова


Деректеме:           https://strategy2050.kz/news/29604

logo txt img kk

 _________________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу