banner glavkz

_________________________________________________________________________________________ 

09.01.2016 ж.

Кұрманғалиева Күлиза Абитаевнаның 60-жасқа толу мерейтойы!

 

2016 ж. 9 қаңтарында Казмеханобрдің ұжымында Минералды шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақ бөлімініңжетекші инженері Кұрманғалиева Күлиза Абитаевнаның 60-жасқа толу мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

         Кұрманғалиева К.А.  1980 ж. кендерді байыту мамандығы бойынша  В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітіріп жолдама бойынша Огневская байыту фабрикасына жіберілді ол жерде 1983 ж. дейін сменаны басқаратын мастер болып жұмыс жасады.

          1983 - 1996 жж.  инженер лауазымында  Казмеханобр институтында жұмыс жасады,  1985 жылдан бастап – аға инженер, ал 1996 - 1999 жж. Ақбақай байыту фабрикасында сменаны басқаратын мастер болып жұмыс жасады.

          2004 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін, Казмеханобр тәжірибелік байыту фабрикасының  МШБ ЖӨСБ жетекші инженер лауазымында өз еңбек жолын жалғастыруда.

         Күлиза Абитаевна өзіне тапсырылған міндеттерге өте жауапты, кішіпейіл, қарапайым жан, өте ұқыпты, ұжымда тиісті құрмет иесі.

                Басшылық, әріптестері, Мерейтой иесін шын жүректен құттықтап , жақсы тілектер айтты.

 Кұрманғалиева К.А.  Құрмет грамотасы және ақшалай  сыйлықақымен марапатталды.

 Мерей тойыңыз құтты болсын,   Күлиза Абитаевна!

       Төменде ұсынылған фотосуреттерде кейбір сәттер әсіреленген.

  

 (ұлғайту үшін, суретке басыңыз)

(жабу үшін -  Esc кл.басыңыз

 

 

                                        

 _________________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу