banner glavkz

_________________________________________________________________________________________ 

01.03.2016 г.

А.И.Петровты құрметті демалысқа шығарып салу!

Казмеханобр бірлестігінің офисінде 01 наурыз 2016 жылы директордың орынбасары – бас инженердің міндетін атқарушы Анатолий Иннокентьевич Петровты құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салу рәсімі болып өтті.

Қазмеханобр бірлестігінің директоры Серікбол Тілеулесұлы  Шалғымбаев Анатолия Иннокентьевичты Қазмеханобрдың аңыз адамы және мақтанышы ретінде бейнеледі.

Анатолий Иннокентьевич Петров 1960 жылы еңбек жолын Қазмеханобр бірлестігінде бастаған және 56 жыл аралығында технологиялық бөлімнің инженері лауазымынан бастап жобаның бас инженеріне дейінгі еңбек жолынан өтті.

А.И.Петровтың басшылығымен және оның тікелей қатысуымен бірқатар ірі байыту фабрикалары жобаланды және іске қосылды, атап айтқанда Кентау  БФ, Ақжал  БФ, Жәйрем, Николаевск, Қаражал, Ангренск  АШФ (Өзбекстан), Сарылахск  БФ (Якутия), Ярославск БФ (Ресей), Анзобск  БФ (Тәжікстан),   «Аси» АШФ (ҚХР) және т.б.

 

            Серікбол Тілеулесұлы Филиал ұжымы атынан көп жылдық  және жемісті қызметі үшін  Қазмеханобр бірлестігін құру және дамуға қосқан елеулі үлесін жоғары бағалап алғысын білдірді және Анатолий Иннокентьевичты ақшалай сыйақымен марапаттау туралы бұйрықты оқып берді. 

            Анатолий Иннокентьевичтың әріптестері бұл - әрине, аздап көңілді түсіретін іс-шара екенін білдірді, сонда да салтанат иесіне - зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және өз анасының 107 жасынан асыңыз деген жүрек жарды тілектерін  айтты! 

          Салтанатты іс-шараның кейбір сәттері төменде көрсетілген фотосуреттерде бейнеленген.

  

 (ұлғайту үшін, суретке басыңыз)

(жабу үшін -  Esc кл.басыңыз

 

 

                                        

 _________________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу