banner glavkz

_________________________________________________________________________________________ 

05.03.2016 ж.

8 наурыз Халықаралықәйелдер күні.

2016 жылдың 05 наурыз айында «ҚР МШКҰ ҰО» РМК «МӨЭҒӨБ» «Қазмеханобр» филиалының ерлер қауымы салтанатты түрде «нәзік жанды» әріптестерін  8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

 

Филиал директоры Серікбол Тілеулесұлы Шалғымбаев Қазмеханобр бірлестігінің қол жеткен барлық жетістіктерінде біздің қымбатты әйелдер қауымының үлесі зор болғанына назар аударды.

 

Директордың бұйрығымен өндірістік және қоғамдық жұмыста жеткен жоғары көрсеткіштері үшін, сонымен қатар 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне байланысты Қазмеханобр бірлестігінің барлық әйелдері ақшалай сыйақы алды, ал қаржы – экономикалық бөлімінің бас маманы – экономисі Е.В.Богатырева және технологиялық бөлімінің жетекші инженері Д.Н.Ағыбаева салтанатты түрде Құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

         Ерлер өз күшімен әйелдерге арнап өлең оқып, ән айтып, би билеп және конкурс өткізіп керемет мерекелік концерт қойды.

 

 

8 Наурыз күнін мерекелеудің қызықты сәттері төменде көрсетілген фотосуреттерде бейнеленген

 

 (ұлғайту үшін, суретке басыңыз)

(жабу үшін -  Esc кл.басыңыз

 

 

                            

 _________________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу