banner glavkz

_________________________________________________________________________________________ 

25.04.2016 ж.

Анатолий Георгиевич Романенконың 75 жылдық мерей тойы!     

 

2016 жылдың 25 сәуір айында Қазмеханобр ұжымында Асыл металдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері  Анатолий Георгиевич Романенконың 75-жасқа толуына байланысты құрмет көрсетуге арналған салтанатты іс-шарасы өткізілді.

 

Басшылық, ғылыми-техникалық кеңесінің мүшелері, әріптестері мен достары Мерей той иесін шын жүректен құттықтап, көптеген жылы сөздер мен тілектерін білдірді!

Қазмеханобр бірлестігінің директоры Серікбол Тлеулесұлы Шалғымбаев салтанатты түрде Анатолий Георгиевич Романенконың өмір жолына қысқаша тоқталып өтті: 1960 жылы №9 Алматы темір жол училищесін  бітіргеннен кейін Қазақстан темір жолының Ақтөбе сигнализация және байланыс дистанциясына жіберілді. 4 жыл аралығында электромеханик кейін айырылым бастығы болып қызмет  атқарды.

1964 жылы Қазмеханобр бірлестігінің автоматтандыру зертханасында жұмысқа кірісті. 1973 жылы Асыл металдар зертханасына ауысты осы күнге дейін аталған зертханада қызмет атқарып жатыр.

52 жыл Қазмеханобр  бірлестігіндегі нәтижелі  қызметінде Анатолий Георгиевич еңбек жолын 1 санатты лаборанттан  бастап Қазмеханобр бірлестігінің басымды құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылатын зертханасының жетекші ғылыми қызметкері лауазымында  еңбек етіп, қызмет жолын жалғастыруда. Қазмеханобр бірлестігінде жұмысын атқарып 1985 жылы сырттай оқытатын Бүкілодақтық политехникалық институттың  инженер байытушы мамандығы бойынша оқып бітірді.

Анатолий Георгиевич айналысатын жұмыстардың негізгі бағыты ол флотация, гравитация және гидрометаллургия әдісімен шикізат және байыту өнімдерінен асыл металдарды алу. Оның тікелей қатысуымен технологиялар әзірленді, бірнеше өндірістік объектілер пайдалануға енгізілді және Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай елінің алтын шығару фабрикаларында едәуір экономикалық әсері бар біршама өнертабыстар өндіріске енгізілді.

Әзірленген технологиялық тәртіптемелері негізінде  бірқатар техникалық шешімдер мен тиімділігі бойынша  шетелдік ұқсастығынан  әлдеқайда жоғары болып табылатын алтынды шығару өндірісі жобаланды және құрылды.

А.Г. Романенконың ғылыми жұмыстарының қорытындысы  30-дан астам мақалалар мен 70  авторлық куәлік және патенттер жарияланған. Өзінің көп жылдық бай тәжірибесін зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемесін,  практикалық тәжірибесі  және нәтижелерін ғылыми өңдеуді, мақалаларды жазуды  үйрете отырып зертхананың  жас мамандарына тапсырып жатыр. Жас мамандармен бірлесе соңғы 3 жылда 11 ғылыми мақалалар жарияланды.

Серікбол Тілеулесұлы Мерей той иесіне Құрмет грамотасын тапсырып және ақшалай сыйақысымен марапаттау туралы бұйрықты оқып берді. 

Мерейтойыңызбен,  Анатолий Георгиевич!

 

 Салтанатты іс-шараның кейбір сәттері төменде көрсетілген фотосуреттерде бейнеленген.

 

 (ұлғайту үшін, суретке басыңыз)

(жабу үшін -  Esc кл.басыңыз

    

                                        

     

 _________________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу