banner glavkz

_________________________________________________________________________________________ 

01.08.2016 ж.

 

«ҚР МШКҰ ҰО» РМК  «Казмеханобр» МӨЭҒӨБ  филиалында айрықша мәнді оқиға болды!!!

 

Казмеханобрдің құрылғанына 60 жыл толуы қарсаңында филиал Басшылығы «Казмеханобр директорларының Галереясы» стендін ресімдеуге бастамашы болып оны көпшіліктің көруіне бірлестіктің вестибюлінде орналастырды.

Бұл Галерея Казмеханобрдің бұрынғы директорларының еңбектерін тарихи еске сақтап, әр қайсысының еңбек еткен жылдары өздерінің шамалары мен мүмкіндіктеріне қарай Казмеханобрдің қалыптасуына, сақталып қалуына және  дамуына баға жетпес үлестерін қосқанына арналады.

        Республикалық  Мемлекеттік  кәсіпорын «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді  ұқсату жөніндегі Ұлттық Орталығы»  «Казмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология жөніндегі  ғылыми - өндірістік бірлестігі филиалы 1998 жылдың желтоқсанынан Республикалық  Мемлекеттік  кәсіпорын «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді  ұқсату жөніндегі Ұлттық Орталығы»  құрамына кіреді.

Казмеханобрдің құрылуы 1958 жылдың 30 қазанынан басталады. Сол кезде Алма-Ата қаласында Ленинград қ. «Механобр»  Бүкілодақтық ғылыми – зерттеу  және пайдалы қазбаларды механикалық өңдеу,  жобалау институтының  «Казмеханобр» Филиалы ретінде  КСРО Министрлер  Кеңесінің Мемлекеттік жоспарлау Комитетінің  № 585 бұйрығымен құрылды.  

Өз тарихында  (58 жыл ) Казмеханобр түрлі-түсті және қара металдар кендерін байыту аса тиімді технологиясын жобалау және әзірлеу, алтынды кендердің, барит,  борат кендері  және  техногендік  минералдық пайдалымдар, қоршаған ортаны қорғау  және табиғатты ұтымды пайдалану, ішетін және сарқынды суларды тазарту  және өнеркәсіптің әр түрлі салаларын айналымдағы  сумен қамтамасыз ету  облысында бай тәжірибе жинады.

Құрамында ғылыми және жобалау бөлімі, тәжірибелік-эксперименталдық цехы  және тәжірибелік байыту фабрикасы бар Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық кешенінің жетекші ғылыми-өндірістік бірлестігі Казмеханобрдің қалыптасуына, сақталып қалуына және дамуына баға жетпес үлестерін қосқан  Казмеханобрдің директорлары екенін атап өту керек:

 

    

Ревазашвили Борис Иванович,            т.ғ.к., 1959 - 1967 жж.;
Шелестов Михаил Сергеевич,              т.ғ.к., 1967 - 1969 жж.;
Свядощ Юрий Николаевич,                 т.ғ.к., 1969 - 1985 жж.;
Попов Геннадий Семенович,                т.ғ.к.,1985 - 1992 жж.;
Клец Александр Николаевич,              т.ғ.д.,  1992 -  2013 жж.;
Шалғымбаев Серікбол Тілеулесұлы   х.ғ.к.,  2013ж.
 
 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз)

(жабу үшін -  Esc кл.басыңыз

 

   

                                                                                
        
                   

 _________________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу