banner glavkz

_________________________________________________________________________________________ 

16.07.2016 ж.

КАЗМЕХАНОБР-де кәсіби мейрам - Металлургтар күнін тойлау!

Жыл сайын шілде айының үшінші жексенбісінде Қазақстан Республикасында кәсіби мейрам - Металлургтар күнін атап өтеді, оны тойлауға  Казмеханобрде  тау-кен металлургиясына  тікелей қатысты қызмет атқаратын әр түрлі мамандық иелері косылады.

2015 жылдан  Казмеханобрде Металлургтар күні мейрамын табиғат аясында тойлау дәстүрге айналды.

2016 жылдың 16 шілдесінде  Филиалдың Басшылығы және ұйымдастыру Комитетімен  Ақсай шатқалындағы көркем жерлердің бірі  - «Эдем» –  демалыс зонасына екінші мәрте корпоративтік шығыс ұйымдастырылды.

Казмеханобрдың ұжымы Металлургтар күні мейрамына қатысқан сыйлы қонақтар: Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді  ұқсату жөніндегі Ұлттық Орталығының  Бас директоры   академик, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте  лауреаты Жәрменов Ә.А. және біздің ардагерлер Новоселов В.А., Петров А.И. үлкен жігермен қарсы алды. Әбдірәсіл Алдашұлы Казмеханобрдің ұжымын кәсіби мейраммен құтықтап, еңбекте табыс тілеп тағы да көптеген жылы лебіздер айтты. Ұжым мүшелері Казмеханобрдың бұрынғы Ғылыми хатшысы Колесникова Л.И. осы мерекелі іс-шараға қатысуға  келісіп Астана қаласынан келгеніне ризашылық танытты. 

Металлургтар күні мейрамын тойлау бағдарламасы салтанатты түрде еселі еңбектері үшін қызметкерлерді  Құрмет және Алғыс  грамоталарымен марапаттау, табиғат аясында таңғы ас ішу,түрлі байқаулармен ойындар ұйымдастырып сыйлықтар беру  іс-шараларынан құрылды.   

Түскі ас және түстен кейін палау, кәуап пісіріліп мерекелік дастархан басында Металлургтар  күні мейрамына арналған ізгі тілектер,әндер  айтылып белсенділер сұрақ-жауап сайыстарын өткізді.

Күні бойына қызметкерлер табиғаттың сұлулығы мен көркемділігіне сүйсіне қызықтады, аса батылдар  таудың мұздай суында шомылды. Демалыс тамаша өткендіктен,қызметкерлердің көңіл-күйлері де көтеріңкі болды.

Табиғат аясында өткізілген Металлургтар күні абыройлы болды!

Демалыста түсірілген  естелік фотосуреттер бұған куә.

 

 (ұлғайту үшін, суретке басыңыз)

(жабу үшін -  Esc кл.басыңыз

    

   

                                        

     

 _________________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу