banner glavkz

______________________________________________________________________________________ 

15.08.2016 ж.

Лидия Александровна Лейноның 60 жасқа толу мерейтойы!     

 

 

2016ж. 15 тамызында  Казмеханобрде бас инженер-директордың орынбасарының м.а. Лидия Александровна Лейноның 60 жасқа толу мерейтойына байланысты салтанатты іс-шара өткізілді.

          

Басшылық, ғылыми-техникалық кеңестің мүшелері және әріптестері оның қаншалықты ұқыпты, жауапты атқарушы, кәсіпқой екендігін атай отырып шын жүректен шыққан жылы лебіздерін білдірді!

 

1986-1993 жж. кезеңінде  «Казнефтестроймонтаж» трестінде 1-ҚМБ өндірістік бөлімінде бас инженер және «Казавтотранстехника» ПКТБ ҒӨБ конструкторлық және жобалау бөлімінде инженер болып қызмет атқарды.

 

Сонымен қатар Алма-Аты халық шарушылығы  институтын  «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітіріп 1993 жылы Туранбанктің  Зауыты филиалына бас экономист лауазымына ауыстырылды.

 

2000 жылы  Казмеханобрға қабылданды, содан беріден қазіргі күнге дейін сметалық бөлімнің 1 санатты инженерінен бас инженер-директордың орынбасары лауазымына дейінгі жолдан өтті.

 

 Казмеханобрде еңбек еткен жылдарда жобалау бөлімінде  Лидия Александровнаның тікелей қатысуымен келесі жобалар мен объектілердің құжаттары  әзірленді:

-      Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы  жылына 500 мың  тонна қуаттылығымен Күкірт қышқылы зауыты;

-     Астана және Алматы қалаларындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша кешендер;

-     Қостанай облысы, Дрожиловский кенішінің молибден-мыс кендерін қайта өңдеу және өндіру бойынша Тау-кен байыту кешені;

-     «Батыс Қамыс» кенішінің марганец кендерін байыту бойынша байыту фабрикасы;

-     Астана қаласындағы Аффинаждық зауыты;

-     «Восход-Хром»ЖШС  Фабрикасы тағы да көптеген б-а.

 

Осы жобаларды дайындау барысында Л.А.Лейно қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылыстың сметалық бағасын анықтау,  құрылыстық өнімдерге сметалық есептер құрастыру, сонымен қатар жұмыс сызбалары бойынша сметалық құжаттама құрастырумен айналысты.

 

Қажымас қайраты, кәсіпқойлығы, қасындағы қызметкерлерге деген тілектестігі мен құрметі жобалау жұмыстарын орындауды басқаруда оны үлкен жетістіктерге жетуге, қызметтестерінің, достарының, серіктестерінің  қадір құрметіне бөленуіне  мүмкіндік берді.

 

Серікбол Тілеулесұлы Мерейтой иесін Құрмет грамотасымен марапаттап оған ақшалай сыйақы беру туралы бұйрықты оқыды. 

 

Мерейтойыңыз құтты болсын,  Лидия Александровна!

        

Осы салтанатты  іс-шараның кейбір сәттерін келесі фото суреттерден тамашалауға болады.

 (ұлғайту үшін, суретке басыңыз)

(жабу үшін -  Esc кл.басыңыз

       

                                        

     ______________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу