banner glavkz

______________________________________________________________________________________ 

20.10.2016 г.

Оразалиева Жібек Қасымқызының 50 жасқа толу мерейтойы!

 

2016 жылдың 20 қазаны күні Қазмеханобр ұжымында химия-аналитикалық зертханасының (ХАЗ) аға ғылыми қызметкері Оразалиева Жібек Қасымқызына құрмет көрсету салтанатты іс-шарасы өткізілді.

 

Ж.Қ. Оразалиева 1988 жылы химия мамандағы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап 1990 жылға дейін орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.

 

2006 жылы Қазмеханобр институтының химия-аналитикалық зертханасына 1 санатты инженер лауазымына жұмысқа қабылданып осы уақытқа дейін аталған зертханада аға ғылыми қызметкері лауазымында өз еңбек жолын жалғастыруда.

 

Осы мерзімде, химиялық саралау облысында өзін тәжірибелі, біліктілігі жоғары маман ретінде  көрсете білді.

 

Жібек Қасымқызы полиметалды кендерді, байытатын өнімдері мен түрлі-түсті металдар кендерін саралау, тәбиғи және өнеркәсіптік сарқынды суларын көлемді саралау әдістерін,  сонымен қатар жалпы минералогиялық құрамын, металдарды саралау, цианидтерді және ықшамдалған табиғи сулардың саралауын толық  меңгерген.

 

Басшылық және әріптестері мерейтой иесін шын жүректен құттықтап жылы лебіздер білдірді.

 

Оразалиева Ж.К. Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

Жібек Қасымқызы Мерейтойыңыз құтты болсын!

 

Осы салтанатты  іс-шараның кейбір сәттерін төмендегі фото суреттерден тамашалауға болады.

 

 (ұлғайту үшін, суретке басыңыз)

(жабу үшін -  Esc кл.басыңыз

       

                                        

     ______________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу