banner glavkz

______________________________________________________________________________________ 

17-18.11.2016 г.

Салалық іс-шара  «Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургиялық кешенінің күндері» 

        2016ж. 17-18 қарашасында Астана қаласында «Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургиялық кешенінің күндері» тақырыбына  салалық іс-шара өткізілді. 

        ТКМК Күндерінің Ұйымдастырушылары ҚР даму және инвестициялар бойынша Министрлігімен бірге тау-кен металлургиялық және кен өндіру кәсіпорнының Республикалық ассоциациясы (КӨКРА), салалық тау-кен металлургиялық  «Казпрофметалл» кәсіподақ, кен өндіру қызметкерлерінің салалық одағы, «Кәсіп Қазақмыс» металлургиялық өнеркәсібі және  жапсарлас өндірістер мен ҚР көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің Одағы болды. 

        ТКМК Күндері шегінде көмір өнеркәсібі, жер қойнауы байлықтарын пайдалану және салықтық заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, сонымен қатар «Жаңа  реалия жағдайындағы ТКМК жұмысы» Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық өнеркәсібі қызметкерлерінің VII Съезі өткізілді.         

        Іс шараның тақырыбы тау-кен-металлургиялық кешенінің жаңа экономикалық реалиядағы жұмысына, «Жер қойнауы және жер астындағы байлықтарды  пайдалану туралы» ҚР Кодексінің   жобасын талқылауға, салық салу жүйесін  жетілдіруге, әкімшілік жүктемені төмендетуге, әлеуметтік серіктестігін дамытуға, экспорттық әлеуетін жоғарлатуға, табиғатты қорғау заңнамасын жақсартуға, ТКМК инвестициялық жаңалау келешегіне арналды. 

        Дөңгелек үстел және Съезд жұмысына «ҚР МШКҰ ҰО» РМК  «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ филиалының директоры С.Т. Шалғымбаев қатысты.

        Съезд жұмысының кейбір сәттерін төмендегі фотосуреттерден көруге болады. 

 

             (ұлғайту үшін, суретке басыңыз)

             (жабу үшін -  Esc кл.басыңыз 

  

                    

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу