banner glavkz

______________________________________________________________________________________

2016 ж. 28.12.

 

2017 Жаңа Жылдық «Көгілдір от»

 

2016 жылдың 28 желтоқсанында Қазмеханобр Филиалының ұжымы өз күшімен Жаңа жылдық «Көгілдір от – 2017» корпоративтік кешін ұйымдастырып өткізді.

Бірлестіктің акт залында өткізілген салтанатты кеште «ҚР МШКҰ ҰО» РМК Бас директоры, т.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты Ә.А.Жәрменов, оның Бірінші орынбасары А.Ж.Терлікбаева  және Бас ғылыми хатшы С.В. Ефремова қатысты.

Әбдірәсіл Алдашұлы Қазмеханобр ұжымын өткен жылдың жемісті аяқталуымен құттықтап келе жатқан Жаңа 2017 жылда амандық және жаңа  табыстарға жетулеріне  тілек білдірді!

Келе жатқан Жаңа 2017 жылды Қазмеханобрдің қызметкерлерімен бірге Қазмеханобрдің майталман ардагерлері де қарсы алды – А.И. Петров, М.М.Меңдіғалиев, Н.Н. Макаренко, Қ.А. Түсіпбаева.

Жас ғалымдар кеңесі құттықтаулар мен өлең, жыр, би және ойындардан тұратын өте мағыналы мерекелік Жаңа жылдық концерттік бағдарлама дайындады.

Кешке  құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері де белсенді қатысты, өздері дайындап әкелген әндерін  айтып, би билеп ойындар ұйымдастырып тартымды сыйлықтарға ие болды.

Жаңа жыл кеші көңілді өтіп қатысушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болды.

 

Жаңа жыл кешінің  қызықты сәттері ұсынылған фотосуреттерде.  

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз)
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)

 

 

                        


 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу